Иран халқының қасиетті қорғанысы заманауи тарихқа әсер етті
(last modified Fri, 27 Sep 2019 13:00:17 GMT )
Қыр 27, 2019 19:00 Asia/Almaty
  • Иран халқының қасиетті қорғанысы заманауи тарихқа әсер етті

Теһран жұма намазының имамы Иран халқының шапқыншыларға қарсы 8 жылдық қасиетті қорғаныстық соғысы заманауи тарихқа әсер етті деп мәлімдеді.


Теһран жұма намазының имамы Казем Седдиқи «Қасиетті қорғаныс» апталығының  басталғанына тоқталып: «Кербала оқиғасынан кейін ешбір оқиға қасиетті қорғаныс мөлшеріндей  заманауи тарихқа ықпал ете алған жоқ»,- деді. Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ кейбір елдердегі ауыр жағдай мен мазлұм халықтар үшін адам құқығы тақырыбының мағынадан кенделігін сынап: «Зорлық-зомбылық көріп отырған Кашмир халқы, адам құқығы ұйымы көмектеспей отырған Нигерия шиіттері, өздері үшін шешім қабылдау құқығынан айырылған Бахрейн халқы мен Сауд Арабиясының мұсылмандары үшін бүкіл ислам елдері көмектесуге талпыныс жасауы керек»,- деді.