Иран ІІМ Ирактың «Арбағин» зияратшыларына қызмет көрсеткені үшін алғыс айтты
Иран Ішкі істер министрі Ирак үкіметі мен халқына имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағины» зияратшыларына қызмет көрсеткені үшін алғыс айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиреза Рахмани Фазли Ирак Ішкі министрі Ясер Тахир Хасан Ясир әл-Ясериге жіберген жолдауында: «Иран мен Ирактың ынтымақтастығымен «Арбағин» зияратшыларының миллиондаған санына қарамастан биылғы рәсімдер руханиятқа толы қауіпсіз жағдайда өтті»,- деді. Рахмани Фазли «Арбағин» рәсімдері кезіндегі Ирак үкіметі мен халқының қонақжайлығы мен достығына, діни ғұламаларының қолдауына, сондай-ақ ирактық аялдамалардың иелері мен басқа да қызмет көрсеткен адамдарға алғыс айтты.
Биыл әлемнің әртүрлі елінен 18 миллион зияратшы, согың ішінде шамамен үш жарым миллион ирандық Кербаладағы имам Хусейннің (ғ.с.) кесенесін зиярат етті.