Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-пен келіссөз еш нәтиже бермейді
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-пен келіссөзді нәтижесіз деп атап: "Америкалықтармен сұхбаттан еш нәтиже шықпайды, өйткені олар мүлде ешқандай ұпай мен артықшылық бермейді",-деп қуаттады.
Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні 13 абан (2019 жылдың 4 қарашасы) – "Әлемдік үстемшілдікпен күрес" ұлттық күні қарсаңында елдің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған оқушы мен студентпен кездесуінде: "Қарсы тарап ирандық басшылардың келіссөздер үстеліне отыруын ИИР-ның тізе бүгуі санайды. Келіссөз жүргізуге шақыру арқылы олар әлем халықтарына Иранға салынған барынша қысымдар мен санкциялардың ақырында нәтиже беріп, ирандықтарды тізе бүктірдік деп айтуды көздеп отыр",-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи америкалықтардың Иранды қайта басып алып, саяси ықпал жүргізу жолын жауып тастауды ИИР-ның Вашингтон басшыларының қастандықтарына қарсы ең маңызды жауап деп атап: "АҚШ-пен келіссөз жүргізуге тыйым салу – олардың Иранға кіру жолын жабудың маңызды құралдарының бірі",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Куба мен Солтүстік Кореяның АҚШ-пен нәтижесіз келіссөздері сияқты тәжірибелерден ғибрат алу қажеттігін айтып: "АҚШ пен Солтүстік Кореяның басшылары бір-бірін сыйлайтынын айтып, төс қағысқан. Бірақ ақырында америкалықтар өз әдеттері бойынша келіссөздерде бірде-бір санкцияны азайтпады, ешқандай ұпай бермеді",-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи "АҚШ-тың Иранға талап-тілектерінің шегі қайда?" деген сауал қойып: "АҚШ-тың талаптары ешқашан бітпейді",-деді.