"Ормұз бейбітшілігі" жобасы Иранның Парсы шығанағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шынайы екенін көрсетеді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Ормұз бейбітшілігі» жобасының толық мәтінін аймақ елдері басшыларына жіберу Иранның Парсы шығанағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шынайы қарап, аймақ елдеріне маңыздылық беретінін көрсетеді",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат тарату департаментінің сенбі күнгі хабарлауынша, Сейіт Аббас Мусави "Ормұз бұғазының бейбітшілігі" атты хаттың толық нұсқасының ИИР Президенті тарапынан Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшылары мен Ирак Президентіне жіберілгенін растап: "ИИР Президенті биыл БҰҰ Бас ассамблеясында осы жобаны ұсынғаннан кейін "Ормұз бұғазының бейбітшілігі" хатының толық мәтіні аймақ елдері басшыларына жіберілді",-деді.
Мусави ИИР Президентінің аймақтағы барлық елдерді аталмыш жобасын орындауға атсалысуға шақырғанын, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жақында осыған қатысты хатты БҰҰ Бас хатшысына жіберетінін айтты.