Қар 10, 2019 18:09 Asia/Almaty
  • Иран аймақ елдерінің ұлттық егемендігіне басқыншылық жасалуға қарсы

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның аймақ елдерінің ұлттық егемендігіне басқыншылық жасалуға қарсы екенін мәлімдеді.

 

Сейіт Аббас Мусави жексенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткен баспасөз отырысында ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы тілшісінің "Түркия Президентінің өз елінің Сирияға шабуылынан кейін Иран басшыларына наразылық білдірген сөздері" жайлы сұрағына: "Иранның аймақ елдерімен, әсіресе дос елдермен достық қарым-қатынасы сақталып қалады. Иранның Түркиямен байланыстары ешқашан қазіргідей шарықтау шегінде болған емес, бірақ бұл Теһранның принципті ұстанымдарынан кері шегінеді деген сөз емес",-деп жауап берді.

Мусави ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істері жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчидің Мәскеуде Иранның ядролық доктринаны қайта қарастыру ықтималы және еуропалықтардың "The Snapback" механизмі туралы сөздері айтылып жатқанына қатысты: "Еуропалықтардың былай істеуге ешқандай хақысы жоқ. Олар тіпті былай ете алмайды, өйткені Иранның ядролық міндеттемелерін қысқартуы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында атқарылды. ИИР-ның құқығы бар",-деді.  

 

Тегтер