Қар 15, 2019 19:35 Asia/Almaty
  •  Израильдің жойылуы – Палестинаның нағыз иелерінің өз үкіметін таңдай алуы деген сөз

Ислам революциясының жетекшісі Израильдің жойылуын, жалған сионистік режимнің жойылып, Палестинаның нағыз иелерінің мұсылман, христиан және еврей болғанына қарамастан өз үкіметін таңдай алуын білдіретінін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жұма күні Иранның жауапты тұлғалары, "Ислам бірлігі" конференциясының қонақтары, ислам елдері елшілері және әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерімен кездесуінде: "Ислам дұшпандары, олардың басында АҚШ ислам діні мен барлық ислам елдеріне қарсы. Олардың негізгі қарулары –  біздің аймақта шешім қабылдайтын маңызды орталықтарға ықпал етіп, ұлттар арасына іріткі салып, АҚШ-тың алдында тізе бүгуді қиындықтардың шешім жолы ретінде таныстыру. Осындай жоспарларға қарсы тұрудың тәсілі – ағартушылық және ақиқат жолында табандылық таныту",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі ислам әлемінің бірлігі жолындағы ең бірінші әрі төменгі қадамды қоғамдар, мемлекеттер, ұлттар мен исламдық мазхабтардың бір-біріне соққы мен басқыншылық жасаудан бас тартуы және ортақ дұшпанға қарсы бірігуі деп атап: "Жоғарырақ деңгейде ислам елдері жаңа ислам өркениетін құру үшін ғылым, байлық, қауіпсіздік және саяси құдірет салаларында бір-бірімен әріптестік пен талпыныс жасауы керек. ИИР да жаңа ислам өркениетіне жетуді өзінің басты мақсаты етіп отыр",-деді.  

Аятолла Хаменеи дұшпандардың имам Хомейни (р.) және ислам режимінің жауапты тұлғаларының "Израильді жою"  туралы айтқан сөздерін бұрмалауға талпынуына тоқталып: "Біз Палестинаны жақтаймыз, оның құтқарылып, тәуелсіздік алуын қалаймыз. Израильді жою еврей халқын жою дегенді білдірмейді, өйткені біздің олармен ешқандай ісіміз жоқ. Біздің елімізде еврейлердің бір тобы толық қауіпсіздікте өмір сүріп жатыр. Палестина халқы мұсылман, христиан және еврей болса да осы жердің нағыз иелері. Олар өз үкіметін өздері таңдап, Нетаньяху сияқты бөгделер мен бұзақыларды елден шығарып, өз мемлекеттерін өздері басқара алуы тиіс. Әлбетте солай болады",-деп қуаттады.

Тегтер