Ирандағы бұзақылықты ұйымдастыруға АҚШ, Франция мен Германия жауапты
Теһран жұма намазының құтпагері кейбір бұзақылардың Иран халқының талаптарын теріс пайдаланғанына тоқталып: "Бұл бұзақылықтардың басында АҚШ тұр. Өкінішке орай, Франция мен Германия да оны қолдады",-деді.
Аятолла сейіт Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында Ирандағы соңғы бірнеше күнгі бүліктерге тоқталып: "Дұшпандар Иранда бүлік шығару үшін үш жыл елдің іші мен сыртында өз күштерін дайындап, жоспарлағанымен олардың барлық қастандықтары залалсыздандырылды",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері кейбір елдердің жуырдағы оқиғаларда Иран халқының мүліктерін бүлдіріп, талан-таражға салғандар мен бұзақыларды қолдағанына тоқталып: "Саудия режимі қаржылай қолдаумен қоса, өзінің ақпарат құралдарын да осы бүлікшілердің ықтиярына берді",-деді.
Аятолла Хатами "Мұнафықтар" лаңкестік тобын да кешегі келеңсіздіктерді қолдаушылардың бірі деп атап: "17 мың ирандыққа террор жасаған "Мұнафықтар" лаңкестік тобы бұзақылықтарды қолдады",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының дұшпандардың соңғы күндердегі қастандықтарының жеңілгенін көргенін баяндап: "Иран үкіметі де өз уәдесін орындап, бағалардың өсуіне жол бермейді",-деді.