Иран халықаралық қауымдастықтың сионистік режимнің қылмыстарына қатысты 70 жылдық үнсіздігін сынады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44472-Иран_халықаралық_қауымдастықтың_сионистік_режимнің_қылмыстарына_қатысты_70_жылдық_үнсіздігін_сынады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Моусави сионистік режимнің 70 жылдық басқыншылығы мен халықаралық қоғамның жетпіс жыл бойы осы режимнің қылмыстарына көңіл аудармай отырғанын сынады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 30, 2019 08:57 Asia/Almaty
  • Иран халықаралық қауымдастықтың сионистік режимнің қылмыстарына қатысты 70 жылдық үнсіздігін сынады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Моусави сионистік режимнің 70 жылдық басқыншылығы мен халықаралық қоғамның жетпіс жыл бойы осы режимнің қылмыстарына көңіл аудармай отырғанын сынады.

Сейед Аббас Моусави Палестина халқымен бірлестік халықаралық күніне орай Твиттердегі парақшасында: "Сионистік режимнің ұятсыздығына жетпіс жыл, сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы басқыншылығы мен лаңкестігіне, күш көрсетуі мен сұрқиялығына, қылмыстары мен талан-таражы және бір ұлтты жоюына қатысты халықаралық қоғамның ұялып отырғанына да жетпіс болды", – деп жазды.

 

1947 жылдың 29 қараша күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Палестинаны бөлу туралы әділетсіз жарғы қабылдады.

1948 жылдың мамыр айында сионистер Палестина жерінің жартысын да сол жердің жергілікті тұрғындарына беруден бас тартты. Сондықтан БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1977 жылы қарашаның жиырма тоғызын Палестина халқымен халықаралық бірлестік күні деп белгіледі.