Жел 14, 2019 19:17 Asia/Almaty
  • Лариджани Азия Парламенті Бас ассамблеясының серіктестіктерді арттырудағы рөлін жоғары бағалады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Азия Парламенттері Бас ассамблеясының серіктестіктерді арттыру, Азия елдерінің байланыстарын нығайтудағы рөлін баса айтты.

Али Лариджани сенбі күні Азия Парламенттерінің он екінші Бас ассамблеясына қатысу үшін Түркия сапары алдында тілшілерге берген сұхбатта: «Соңғы бірнеше он жылдықта азиялық елдер ғылым мен технология, экономика мен саудада айтарлықтай жетістіктерге жетіп, саяси мәселелерді шешуде әсерлі тәсілдерді қолданды. Азия Парламенттерінің он екінші Бас ассамблеясында ғылыми және экономика салаларында ынтымақтастық жасау үшін механизмдер әзірленді. Ассамблея қазіргі заманауи ғасырда жаңа қатынаспен Азия елдерінің байланыстарына әсерлі тәсіл әзірлейді» деген үміт білдірді.  
 

 

Тегтер