Азияның маңызды мемлекеттерімен жақын қарым-қатынас орнату – Иран мақсаттарының бірі
(last modified Tue, 17 Dec 2019 09:58:40 GMT )
Жел 17, 2019 15:58 Asia/Almaty
  • Азияның маңызды мемлекеттерімен жақын қарым-қатынас орнату – Иран мақсаттарының бірі

ИИР Президенті Рухани Азияның маңызды мемлекеттерімен жақын қарым-қатынас орнатудың әрқашан Иран мақсаттарының бірі болғанын қуаттады.

Хасан Рухани сейсенбі күні таңертең Куала-Лумпур-2109 халықаралық саммитке қатысу үшін Малайзияға аттанардан бұрын Куала-Лумпур халықаралық жиынында Ислам әлемінің жан-жақты қарым-қатынасы талқыға салынатынын айтты. Рухани Ислам әлемінің география, энергетика, халық, өндіріс, мәдениет және өркениет салаларындағы әлеуеттеріне тоқталып: «Лаңкестік, соғыс пен қантөгіс, шетелдіктердің араласуы мен дамуға қажет жағдайдың болмауы – Ислам әлемінің қазіргі проблемалары»,- деді. Иран Президенті Иран мен Жапонияның саясат, экономика, қоршаған орта салаларындағы қарым-қатынасына сілтеме жасап: «АҚШ-тың әділетсіз және заңсыз санкциялары мәңгілік емес. Әлем мемлекеттері Иранмен жақын қарым-қатынас орнатуды қалайды»,- деді.

ИИР Президенті Куала-Лумпур  халықаралық жиынына қатысқан соң Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің ресми шақыруымен жұма күні Токиоға аттанады.