Діни азшылықтардың өкілдері Иранға қарсы қабылданған адам құқығы қарарын айыптады
(last modified Sun, 22 Dec 2019 10:54:05 GMT )
Жел 22, 2019 16:54 Asia/Almaty
  • Діни азшылықтардың өкілдері Иранға қарсы қабылданған адам құқығы қарарын айыптады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі діни азшылықтардың өкілдері Иранға қарсы қабылданған адам құқығы қарарын айыптап, дипломатиялық аппараттан оны қабылдаған елдердің ұстанымдарын бақылап, халықаралық деңгейдегі Иранға қарсы қастандықты залалсыздандыруды сұрады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі ашуриліктер, иудейлер, зартуштер мен армян христиандарының өкілдері жексенбі күні мәлімдеме жасап: "Иранға қарсы адам құқығы қарары сырттай адам құқығына қатысты болғанымен, толығымен саяси  сипатта жасалған. Ол Иранға қарсы стратегиялық мақсаттарға жету үшін қысым құралы ретінде қолданылып отыр",-деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі діни азшылықтардың өкілдері бұл қарарды адам құқығы ұғымдарын құрал ретінде пайдалану және біржақты әрі қасақана қатынас ұстанумен бірдей деп атап, дұшпандардың бірнеше қырлы стандарт қолдану арқылы ИИР-ды халықаралық деңгейде оқшаулауға талпыныс жасап жатқанын айтты.