Үнді мұхитының қауіпсіздігі әлемдік экономика мүддесін сақтаудың кепілі
ИИР Армиясы теңіз күштері амалдары бойынша орынбасар, екінші дәрежелі контр-адмирал Ғоламреза Тахани Үнді мұхитындағы кеме қозғалысы жолдарында, әсіресе «алтын үштік» деп аталатын Ормұз бұғазы мен Малага және Баб ал-Мандеб арасындағы кеңістікте толық қауіпсіздік орнатуды әлемдік деңгейде экономикалық мүдделерді қорғаудың кепілі деп атады.
Екінші дәрежелі контр-адмирал Ғоламреза Тахани сенбі күні Ресей мен Қытай бірліктері қолбасшыларының қатысуымен өткен отырыста Үнді мұхитының солтүстігін халықаралық саудада өте маңызды су жолдары деп атады. Тахани Иран, Ресей, Қытай теңіз күштерінің ортақ жаттығуы ерекше маңызды екенін айтып: «Әлемдік саудада маңызды аймақтар саналатын Оман теңізі мен Үнді мұхиты аймағынан көп кеме өтеді. Сол себепті ол жердің теңіз қауіпсіздігін сақтау маңызды», - деді.