Қаң 07, 2020 16:57 Asia/Almaty
  • Лариджани: Пентагонның бүкіл мүшесі мен олардың қарамағындағылар лаңкестер

Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Пентагонның бүкіл мүшесі мен қолбасшылары, оның қарамағандағы компаниялар мен ұйымдар, қолбасшылары мен сардар Ғасем Солейманидің шәһид болуына қатыстылар лаңкес саналады»,- деді.

 

Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің өкілдері сейсенбі күнгі ашық отырысында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп жариялауына байланысты жобаға өзгеріс енгізу   отырысында көпшілік дауыспен оны қабылдады.

Icana News агенттігінің мәліметінше, Әли Лариджани жобаның өзгертілуі жөнінде: «Батыс Азия аймағында орналасқан АҚШ  күштері  CENTCOM  штабы мүшелерінің лаңкес аталуымен бірге осыдан кейін Пентагонның бүкіл мүшесі мен олардың қарамағындағылар лаңкес саналады»,- деді. Лариджани шәһид Ғасем Солейманидің аймақтағы қарсыласу қозғалысының негізі болғанына тоқталып: «Иран Ислам Кеңесі мәжілісі 2020 жылдың қаңтар айының 21-нен наурыз айының 19-на дейінгі екі айға 200 миллион еуроны  аймақтағы қарсыласу міндетіне ие Сақшылар корпусы Құдс күштерін қолдау үшін бөлді»,- деді.

 

 

Тегтер