Рухани Иран мен Венесуэла қарым-қатынасын кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті Теһран-Каракас қарым-қатынастары мен ынтымақтастығын оң әрі достық деп бағалап, басшылардың Иран мен Венесуэла байланысын кеңейтуге талпыну қажеттігін қуаттады.
Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаспен кездесуінде екі елдің достық қарым-қатынасына тоқталып: "ИИР Венесуэламен достық қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын кеңейтуге дайын",- деді. Рухани сондай-ақ АҚШ-тың Иран халқына қарсы заңсыз санкциялары және Венесуэла үкіметі мен халқына қысым көрсетіп, қастық жасауын адамзатқа қарсы әрекет деп атап: "Тәуелсіз халықтар қысымдар мен қастықтарға табанды тұрып, АҚШ-ты өкіндіреді. Өйткені соңында қарсыласқан халықтар жеңіске жетеді",- деді.
Венесуэла Сыртқы істер министрі де АҚШ-тың лаңкестік әрекетінде сардар Солейманидің шәһид болуына көңіл айтып, Венесуэла үкіметі мен халқының Иран халқымен бірге екенін қуаттап: "Тәуелсіз үкіметтер мен халықтардың дұшпандардың қысымдары мен қастығына қарсы тұрып, өз мүдделерін қорғайтыны анық",- деді.