Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған түніндегі аза тұту рәсімі жетекшінің қатысуымен өтті
(last modified Wed, 29 Jan 2020 12:08:46 GMT )
Қаң 29, 2020 18:08 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған түніндегі аза тұту рәсімі жетекшінің қатысуымен өтті

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған түніндегі аза тұту рәсімі Ислам революциясы жетекшінің қатысуымен имам Хомейни атындағы діни орталықта өтті.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи елдің жауапты тұлғаларының бірқатары мен әртүрлі әлеуметтік топтардың мыңдаған өкілі қатысқан осы аза тұту рәсімінде сөз сөйлеп: "Хазірет Фатима (ғ.с.) – Алла ризалығының көрінісі. Оның қуанышы Алланы қуануына себеп болды",-деді.

Сонымен қатар мадақшы Хазірет Фатиманың (ғ.с.) көрген қиындықтарын баяндап, жоқтау айтты.

Бүгін, сәрсенбі, 29 қаңтар, х.қ.ж.с.б. 1441 жылының джамади ас-сани айының 3 жұлдызы – Ислам пайғамбарының қадірлі қызы әрі әлем шиіттерінің бірінші имамы Әли  бен Абу Талибтің (ғ.с.) жұбайы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні.

Тегтер