Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған түнгі аза тұту рәсімі жетекшінің қатысуымен өтті
(last modified Thu, 30 Jan 2020 11:25:59 GMT )
Қаң 30, 2020 17:25 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған түнгі аза тұту рәсімі жетекшінің қатысуымен өтті

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған түнге имам Хомейни атындағы діни орталықта өткен аза тұту рәсіміне Ислам революциясының жетекші, елдің жауапты тұлғаларының бірқатары мен әртүрлі әлеуметтік топтардың мыңдаған өкілі қатысты.

Бұл рәсімде худжат ул-ислам Аали сөз сөйлеп, мүміндер үшін ең маңызды әрі ауыр сынақты қысылтаяң жағдайда Алланың уәлиіне жақтасу деп атап: "Бұл сынақтағы сәттіліктің шарты – нәпсілік тілектерден бас тартып, ібілістің азғыруына қарсы тұру. Исламдық басқару дегеніміз адамның өз қалауы мен тілегінен Алланың уәлиінің шешімдері мен көзқарастарын артық қоюы",-деді.

Худжат ул-ислам Аали Ислам революциясын Иран қоғамындағы исламдық басқарудың факторы деп атап: "Революцияға дейін Аһл-е бейт пен діни тағылымға қызығушылық білдіру жеке сипатта болды. Алайда имам Хомейнидің (р.) қозғалысы қоғамдық басқарудың қалыптасуына себеп болды",-деді.

 

 

Тегтер