Раиси: "Ғасыр мәмілесі" – зұлымдық пен басқыншылықты нығайтуға бағытталған алдарқатушы тәсіл
Иранның Сот органының басшысы: "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жоба халықаралық заңдарға қайшы және зұлымдық пен басқыншылықты нығайтуға бағытталған алдарқатушы тәсіл",-деді.
Сейіт Ибраһим Раиси сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап: "Палестина халқына зұлымдық пен басқыншылық жасауға негізделген "Ғасыр мәмілесі" жобасы сионистерге қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелмейтінімен қатар басып алынған Палестина жерінде тынышсыздықтың одан ары өршуіне себеп болады",-деді.
Раиси тарихтың әділетпен жауласудың әділет қылышын өткірлей түсетінін дәлелдегенін айтып: "Америкалықтар Палестина халқы мен аймақтың басқа халықтарының ашу-ызасынан бұрыннан бетер қорқуы керек. Олар әділеттің Палестина халқының барлық құқықтары қамтамасыз етіліп, сионистердің басқыншылығы толық тоқтатылуынан басқа жолмен орнамайтынын білуі керек",-деді.