Ақп 02, 2020 18:35 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан:

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі аймақтық дағдарыстардың АҚШ пен сионистік режимге тиімсіз бағытта жылдам қозғалып бара жатқанын айтып: "Ғасыр мәмілесі" – АҚШ-тың қарсыласу қозғалысынан жеңілістерін жасыруға бағытталған жоба",-деп қуаттады.

Хосейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Иранның 2-арнасының "Арнайы сұхбат" бағдарламасында сөйлеген сөзінде америкалықтардың Иранның шәһид сардар Солейманидің өліміне қарымта шараларының салдарларынан қашу үшін "Ғасыр мәмілесі" жобасын таныстырғанын айтып: "Сонымен қатар бұл жоба сионистік режимді ішкі дағдарыстан шығару үшін ұсынылды",-деді.

Амир Абдуллахиан қазіргі таңда Палестинаның жергілікті еврейлерінің сионистік режимнің түрмесінде жатқанын айтып: "Ғасыр мәмілесі" жобасы басып алынған Палестина жерінде бейбітшілік орнатудың орнанына соғыс отын тұтатады",-деді.

Тегтер