Иранның Ұлттық ғарыш технологиясы күні
2020 жылдың 3 ақпаны – Иранда Ұлттық ғарыш технологиясы күні. 2008 жылдың дәл осындай күні елде "Үміт" жерсерігі ғарышқа сәтті ұшырылды. Сөйтіп, Иран жерсерік ұшыру қабілетіне ие елдердің қатарына қосылды.
ИИР санкцияларға қарамастан аймақ елдері арасында ғарыш іліміне қол жеткізуде жоғары сатыда тұр. Бұл ел өз мамандарының біліктілігі мен жергілікті білімге сүйеніп, жерсерік жасау және ғарышқа ұшырудың толық тізбегіне ие болды.
Жерсерік жасаудың толық тізбегі әлем бойынша 10 елде бар. ИИР санкцияларға қарамастан, осы қабілетке ие болды.
ИИР алдағы күндері "Зафар" жергілікті жерсерігін "Самұрық" жерсерік тасушысымен ғарышқа ұшырып, жер орбитасынан 500 км қашықтықта орналастырады деп жоспарланып отыр.