2019 жылы Иранның ғылыми мақалаларының саны артты
Ақп 19, 2020 18:05 Asia/Almaty
Ислам әлемінің ғылыми деректер орталдығының (ISC) басшысы 2019 жылы Иранда ғылыми мақалалардың саны артып, 60000 жеткенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Деһқани Scopus базасында Иранның орынының жоғары көтерілуіне тоқталып: "Биыл Scopus базасының рейтингі бойынша Иран 16 орыннан 15 орынға көтерілді. Өткен 20 жылда Иранда ғылым өндірісі көрсеткіші артып, Ислам республикасы 2000-2019 жылдар аралығында Scopus базасында 65000 және Web of sience базасында 59000 мақаласын тіркеді.