Иран Мәжілісі сайлауына үгіт-насихат науқаны аяқталды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші кезеңіне үміткерлердің үгіт-насихат науқаны бүгін, бейсенбі күні сағат 08:00 аяқталды.
Иран заңы бойынша, үміткерлер сайлауға 24 сағат қалғанда жарнаманы тоқтатуы тиіс.
Сондай-ақ, Иранның Сайлау штабының хабарлауынша, Ислам Кеңесі Мәжілісіне үміткерлердің үгіт-насихат науқаны аяқталғаннан кейін әлеуметтік кеңістікте және баспа беттерінде жарнамалауға тыйым салынады.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші кезеңі және Эксперттер кеңесінің бесінші шақырылымының алғашқы аралық сайлауы ертең, жұма 2020 жылдың 21 ақпанында өтеді.
Иран Сайлау штабының басшысы Жамал Орф: «Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші кезеңіне сайлауға 57 918159 адам қатысып, дауыс беруге құқылы»,-деді.
Сайлау Иранның 208 сайлау ауданындағы 55 мың дауыс беру учаскесінде өткізіледі.