Иранда коронавирусқа шалдыққан 552 адам жазылды
Нау 04, 2020 20:56 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы кезге дейін коронавирусқа шалдыққан 552 адамның жазылып, ауруханалардан шыққандарын жариялады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мен қоғамдық бөлімінің басшысы Киянуш Джаһанпур сәрсенбі күні Иранда 2922 адамның коронавирусқа шалдыққанына тоқталып: «Өкінішке орай осы кезге дейін бұл аурудын салдарынан 92 адам қаза болды»,- деді.
Соңғы мәліметтер бойынша, осы кезге дейін әлемде 93000-нан астам адам коронавирусқа шалдығып, 3218 адам қаза тапты.