Амир Абдоллаһиан: АҚШ – биологиялық соғыстың басты себебі
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төраағсының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: «АҚШ – биологиялық соғыстың басты себебі және тіпті коронавирустың алғашқы таратушысы»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдоллаһиан Twitter-дегі парақшасында Бахрейн Ішкі істер министірінің бұл елдегі коронавирустың таралуына Иранды айыптауына реакция білдіріп: «Коронавирустың таралуы мен биологиялық соғысты бастаушы деп Иранды айыптаған Бахрейн Ішкі істер министрінің уәждеріне «биологиялық соғыстың басты себебі және тіпті коронавирустың алғашқы таратушысы өзінің бесінші флотымен Бахрейнді билеп отырған АҚШ» деп айту қажет»,- деп жазды.
Ресми түрде COVID-19 деп аталған вирус басында Қытайдың Ухань қаласында табылды және осы кезде 120-дан астам мемлекетте таралды.