Мусави: АҚШ Ирактағы заңсыз орналасуының салдарын басқалардың мойнына артпауы тиіс
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i45888-Мусави_АҚШ_Ирактағы_заңсыз_орналасуының_салдарын_басқалардың_мойнына_артпауы_тиіс
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Ирактағы заңсыз орналасуының және бұл елдің халқының ирактық қолбасшы мен жауынгерлерін террор етіп өлтіруіне білдірген реакциясының салдарын басқалардың мойнына арта алмайтынын жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 13, 2020 16:11 Asia/Almaty
  • Мусави: АҚШ Ирактағы заңсыз орналасуының салдарын басқалардың мойнына артпауы тиіс

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Ирактағы заңсыз орналасуының және бұл елдің халқының ирактық қолбасшы мен жауынгерлерін террор етіп өлтіруіне білдірген реакциясының салдарын басқалардың мойнына арта алмайтынын жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави  жұма күні  АҚШ Президентінің Ирактағы соңғы шабуыл туралы сөздеріне реакция білдіріп: «Қатерлі әрекеттер мен негізсіз уәждердің орнына Батыс Азия аймағындағы америкалық әскерилердің орналасуы мен әрекеттерін қайта қарастыру қажет. АҚШ Президенті вирустың таралуын өзінің қисынсыз әрекеттерін ақтау үшін пайдаланбағаны жөн»,- деді.Ирактың ақпарат құралдары жұма күні: «Америкалық әскери ұшақтардың бұл елдің төрт аймағындағы әл-Хашд әш-Шааби күштерінің базаларына жасаған шабуылы ағымында 3 адам өлді және 7 адам жараланды»,- деп хабарлады.