Иран коронавирусқа қарсы тұру үшін жіберілген көмектерге алғыс айтты
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы коронавирусқа қарсы тұруға қажет жіберген көмектері үшін Өзбекстан, БАЭ және ЮНЕСЕФ ұйымына алғыс айтты.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави дүйсенбі күні кешке Twitter-дегі парақшасында Иранға коронавирустың таралуымен күресу үшін Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірлігі және ЮНЕСЕФ ұйымының бірнеше тонна медициналық құралдар жіберуіне тоқталып: «Ислам республикасы қиын жағдайда гуманитарлық көмек көрсеткендерді еш уақытта ұмытпайды»,- деп жазды.
Дүйсенбі күні ЮНЕСЕФ ұйымы мен Өзбекстан және БАӘ елдері тарапынан Иранға коронавируспен күресуге қажет бірнеше тонна медициналық жабдық пен фармацевтикалық препараттар жіберді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұдан бұрын Қытай, Германия, Франция, Британия көмектерінен басқа Эапония, Қатар, Әзірбайжан мен Ресейден ақшалай көмек және медициналық жабдықтар алынғанын хабарлаған.