Иранда коронавирусқа шалдыққан 8 мыңға жуық адам емделіп шықты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i46010
Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 7913 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 22, 2020 18:13 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан  8 мыңға жуық адам емделіп шықты

Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 7913 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Киануш Жаһанпур жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 21638 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, өткен күні 129 адамның өлімімен осы күнге дейін 1685 адам вирустан көз жұмды»,- деді.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде 309000-ға жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 92 мыңнан астамы жазылып шықса, кемінде 13 мың адам көз жұмды.