Иран СІМ: АҚШ Йеменнен қорлықпен шығады
Иран Сыртқы істер министрлігі саудиялық коалицияның Йеменге қарсы әскери шабуылдарының жалғасуын айыптап, америкалықтардың Йеменде тағы сәтсіздікке ұшырап, елден масқара түрде шығуға мәжбүр болатынын қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрлігі кеше сейсенбі күні Йеменге қарсы Сауд Арабиясы басқарған әскери шабуылдың алтыншы жылы қарсаңында мәлімдеме жариялап: «Йеменге қарсы әскери шабуыл АҚШ пен басқа кейбір мемлекеттердің шапқыншы күштердің әскери қылмыстарына немқұрайдылық танытуымен бірге қару-жарақ саудасы, ақпараттық тұрғыдан қолдауы және шапқыншыларды демеуі арқылы қылмыстарға ортақ болып отырған жағдайда жалғасуда. Сондықтан олар жауап беруі тиіс. АҚШ сондай-ақ Йеменнің әртүрлі аймағында әскерилерінің санын арттырып, елдегі әскери шоғырлану стратегиясын әшкере етті. АҚШ аймақтың қай елінде орналасса да тынышсыздық пен талан-тараждан басқа ешнәрсе әкелмейтінін дәлелдеді»,- деп қуаттады.