Генерал-майор Салами: Америкалықтардың Иран халқына көмектесу туралы сөздері жалған әрі аярлық
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i46061-Генерал_майор_Салами_Америкалықтардың_Иран_халқына_көмектесу_туралы_сөздері_жалған_әрі_аярлық
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы америкалықтардың Иран халқына көмектесу туралы сөздерін жалған әрі аярлық деп атап: «Иран олардың көмегін қажет етпейді»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 26, 2020 12:12 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Америкалықтардың Иран халқына көмектесу туралы сөздері жалған әрі аярлық

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы америкалықтардың Иран халқына көмектесу туралы сөздерін жалған әрі аярлық деп атап: «Иран олардың көмегін қажет етпейді»,- деді.

 

Сардар Хосейн Салами бүгін бейсенбі күні Теһранда өткен биологиялық қорғаныс жаттығуы аясында журналистерге берген сұхбатта АҚШ басшыларын Иран халқының жауы деп атады. Сардар Салами АҚШ Президентінің Иран халқын террорист деп атағанын еске салып, олардың Иран халқын тұрмыстық қиындықтарға тірегісі келгенін, бірақ нәтижеге жетпегенін қуаттап: «Егер АҚШ халқы көмек қажет етсе, Иран оларға көмектесуге дайын»,- деді.