Генерал-майор Бағери: Иранға қарсы кез-келген әрекетке қатаң жауап беріледі
Сәу 02, 2020 15:35 Asia/Almaty
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы АҚШ әскерилерінің Ирак пен Парсы шығанағындағы әрекеттеріне тоқталып: «Америкалықтар Иранның қауіпсіздігіне қатер төндірсе, ең қатаң реакцияға ұшырайды»,-деді.
Генерал-майор Мохаммад Бағери Иран қарулы күштерінің өзінің ауа, құрлық және теңіздегі шекараларын сақтап, осы әрекеттердің барлығын толық қырағылықпен жіті бақылап отырғанын айтты.
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Америкалықтар аймақ халықтарының, соның ішінде Ирак халқының АҚШ әскери күштерінің бұл елдерде болуына қарсы екенін жақсы біледі»,-деп қуаттады.
Тегтер