Генерал-майор Бағери: Иранға қарсы кез-келген әрекетке қатаң жауап беріледі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i46164-Генерал_майор_Бағери_Иранға_қарсы_кез_келген_әрекетке_қатаң_жауап_беріледі
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы АҚШ әскерилерінің Ирак пен Парсы шығанағындағы әрекеттеріне тоқталып: «Америкалықтар Иранның қауіпсіздігіне қатер төндірсе, ең қатаң реакцияға ұшырайды»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 02, 2020 15:35 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: Иранға қарсы кез-келген әрекетке қатаң жауап беріледі

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы АҚШ әскерилерінің Ирак пен Парсы шығанағындағы әрекеттеріне тоқталып: «Америкалықтар Иранның қауіпсіздігіне қатер төндірсе, ең қатаң реакцияға ұшырайды»,-деді.

Генерал-майор Мохаммад Бағери Иран қарулы күштерінің өзінің ауа, құрлық және теңіздегі шекараларын сақтап, осы әрекеттердің барлығын толық қырағылықпен жіті бақылап отырғанын айтты.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Америкалықтар аймақ халықтарының, соның ішінде Ирак халқының АҚШ әскери күштерінің бұл елдерде болуына қарсы екенін жақсы біледі»,-деп қуаттады.