Иранның Қорғаныс министрі: АҚШ-тың Парсы шығанағындағы құзыры тынышсыздық тудырды
Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-тың Парсы шығанағындағы соңғы кездегі әрекеттеріне реакция білдіріп, америкалықтардың бұл аймақтағы заңсыз әрі шапқыншы құзыры тынышсыздықтарға себеп болып жатқанын қуаттады.
Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами бүгін жұма Армия күніне арналған шара аясында: «Парсы шығанағындағы тынышсыздықтарға әлемнің басқа жағынан келіп, біздің шекарамызға жақындап, тіпті негізсіз уәжденетін америкалықтардың заңсыз әрі шапқыншы құзыры себеп болуда. Біз өз үйіміздеміз. Олар болса, алыстан келіп, қоқан-лоққы және санкциясымен аймақ елдері үшін қиындық тудырды»,- деді.
Бұдан бұрын АҚШ-тың әскери ұшағы Иранның әуе кеңістігін бұзуға талпынғанда ИИР әуе қорғанысы күштерінің ескертуімен ол бағытын өзгерткен болатын.