Коронавирусты анықтайтын аппаратты сатып алу үшін қажет SWIFT санкция сылтауымен берілмеді
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі: «Оңтүстік Корея банкі коронавирусты анықтайтын аппаратты сатып алу үшін қажет SWIFT-ті Иранға санкцияны сылтауратып бермеді»,-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киануш Жаһанпур сенбі күні: «Оңтүстік Корея банкінің коронавирусты анықтайтын аппаратты сатып алу үшін қажет SWIFT-ті бермеуі америкалық басшылардың Иранға қарсы санкциялардың дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды қамтымайды деген уәждерінің жалған екенін көрсетеді. Оңтүстік Корея банкі бұл мәміленің санкциялық заңдарға байланысты орындалмайтынын ресми жазды»,-деді.
Әлемде, соның ішінде Иранда коронавирус таралғаннан бері Түркия, Ресей, Пәкістан мен Қытай басшылары АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз санкцияларының жойылуын сұрады.