Жетекші Рамазан айында коронавирус жағдайында ораза ұстау туралы пәтуа шығарды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i46404-Жетекші_Рамазан_айында_коронавирус_жағдайында_ораза_ұстау_туралы_пәтуа_шығарды
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесі Рамазан айында коронавирус жағдайында ораза ұстау үкімі туралы сұраққа жауабында: «Илаһи парыз ораза шын мәнінде Құдайдың пенделерге берген айрықша нығметі, адамның рухани кемелденуінің негіздерінің бірі. Сондықтан бұған дейінгі үмбеттерге де парыз етілген»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 20, 2020 17:18 Asia/Almaty
  • Жетекші Рамазан айында коронавирус жағдайында ораза ұстау туралы пәтуа шығарды

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесі Рамазан айында коронавирус жағдайында ораза ұстау үкімі туралы сұраққа жауабында: «Илаһи парыз ораза шын мәнінде Құдайдың пенделерге берген айрықша нығметі, адамның рухани кемелденуінің негіздерінің бірі. Сондықтан бұған дейінгі үмбеттерге де парыз етілген»,-деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі ораза ұстауды діни парыздардың бірі әрі ислам шариғатының басты тіректерінің бірі екенін айтып, қасиетті Рамазан айында оразадан бас тартудың дұрыс еместігін айтып: «Егер адам ораза ұстаса, ауруға шалдығуы, ауруы асқынуы немесе ұзаруы, сауығуы кешеуілдеуі мүмкін деп ақылмен шешсе, ұстамауына болады, бірақ кейін қазасын өтеуі тиіс. Діндар дәрігерлер бұл шешімді растаса жеткілікті»,-деді.

Аятолла Хаменеидің пәтуасында: «Егер адам аталған мәселелерге қатысты алаңдаса, үрейі ақылға негізделсе, ораза ұстамауына болады. Бірақ кейін қазасын өтеуі тиіс»,- деп айтылған.