«Нұр» жерсерігі Сақшылар корпусының әуе-ғарыш саласындағы күш-қуатын көрсетті
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері ғарышқа сәтті ұшырған ИИР-ның бейбіт қорғаныс мақсатындағы алғашқы әскери жерсерігі орбитаға орналасты.
«Нұр» жерсерігі сәрсенбі күні таңертең үш кезеңдік «Ғасед» жерсерік тасығыштың көмегімен Иранның орталық шөлінен ұшырылып, Жерден 425 км қашықтықтағы орбитаға орналасты.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің әуе-ғарыш саласындағы бұл жетістігі өте маңызды. Себебі жергілікті күш-қабілетке сүйеніп, түрлі заңды салаларда қуатты арттыруға болатынын көрсетті.
Сақшылар корпусының әскери-ғарыш саласындағы жетістігі АҚШ-тың біржақты санкциялары жағдайында да даму шыңдарын бағындыру жолында ештеңенің кедергі бола алмайтынын дәлелдеді.
Қорғаныс қабілетін нығайту жолында заңды құралдарды пайдалану таңдау ғана емес, қисынды қажеттілік. Бүгінде Иранның Қарулы күштері барлық қорғаныс салаларында жақсы әрекет жасап жатыр.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хусейн Салами көпжақты «Нұр» жерсерігінің ғарышқа сәтті ұшырылғанына тоқталып: «Жерсерігінің сәтті ұшырылуы Иранның қорғаныс қуатын жаңа деңгейге көтерді»,-деді.
Барлық елдер көпмақсатты әуе-ғарыш технологиясына қол жеткізуге талпынады. Әуе-ғарыш өнеркәсібі қуатты қорғаныс күшін қалыптастыруда стратегиялық тұрғыдан маңызды. Өйткені ғарышта жерсерігі орналаспаса қорғаныс карталары толық әрі жан-жақты болмайды.
Осы маңызды принципті назарға алып, ғарышқа шығу арқылы дамыған қорғаныс технологиясына ие болу стратегиялық жетістік саналады. Бұл Иранның әскери күш-қуат географиясын әртүрлі салаларда, соның ішінде ақпараттық соғыста кеңейтеді.
Осы аралықта елдің әскери қуаты қаншалықты жергілікті қарым-қабілетке сүйенсе, қажет жағдайда және бәсеке алаңында күш сынасуда соншалықты сенімді тежегіш қуат тудырады. «Нұр» әскери жерсерігінің ғарышқа сәтті ұшырылып, орбитада орналасуы да осы аяда мән-мағынаға ие болады.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының жергілікті білімге сүйеніп, әскери жерсерікті ғарышқа сәтті ұшыруының маңызы зор. Жетістікке АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциялары кезінде жетті.
Құрылғанына 41 жыл толған Сақшылар корпусы бұл жылдары әртүрлі қорғаныс салаларында, соның ішінде зымыран, енді ғарыш өнеркәсібінде жетістікке жетіп, әскери салада қуатты күшке айналып, Батыс Азия аймағында ИИР-ның абырой-айбынын арттырды.