Сионистік қалашықтар салуды кеңейту «Ғасыр мәмілесі» жобасын орындау мақсатында жасалып отыр
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави сионистік режимнің қалашық салуды жалғастырып, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жертелімдерін 1948 жылы басып алған жерлерге қосуға әрекет жасауын халықаралық заңдарды бұзу және «Ғасыр мәмілесі» атты сорақы жобаны іске асыру деп атады.
Сейіт Аббас Мусави жексенбі күні сионистік режимнің басып алынған жерлердегі әрекеттерін айыптап: «Мұндай заңсыз шаралар халықаралық заңдарды бұзу және аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіру болып табылады. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар өз міндеттері мен жауапкершілігі аясында осы іс-қимылдарға қатысты шара қолдануы керек»,-деді.
Мусави Палестина жерінің Палестина халқына тиесілі екенін айтып: «Сионистік режим – басқыншы режим. Палестина дағдарысын шешудің жалғыз жолы осы жердің басты тұрғындары арасында референдум өткізіп, Бейт ул-Мұқаддастың астаналығымен тәуелсіз Палестина мемлекетін құру»,-деді.