Раиси: Құдстың азаттығы – Ислам үмбетінің басты басымдығы
(last modified Mon, 18 May 2020 14:39:53 GMT )
Maм 18, 2020 20:39 Asia/Almaty
  • Раиси: Құдстың азаттығы – Ислам үмбетінің басты басымдығы

Иран Сот органының басшысы АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып, Құдстың азаттығын Ислам үмбетінің басты басымдығы деп атады.

Иран Сот органының басшысы Ибраһим Раиси дүйсенбі күні осы органның жоғары кеңесінің жиналысында сионизм тудырған ДАИШ лаңкестік тобы жойылғаннан кейін сионистік режимнің әрекетсіздіктен шығуға талпынып жатқанына тоқталып: «АҚШ пен сионистік режимнің «Ғасыр мәмілесі» жобасын орындау және Иордан өзенінің батыс жағалауының басым бөлігін аннекциялау мақсаты орындалмайтыны былай тұрсын, бұрынғыдан да ауқымдырық интифазаның туындауына себеп болады.  

Америкалықтар «АҚШ-тың Таяу Шығысы» деген жобасын тарих мұрағатына тастап, Батыс Азия аймағынан шығады»,-деп қуаттады.  

 

Тегтер