Мұхаммед Бағер Қалибаф Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы болып сайланды
Maм 28, 2020 18:37 Asia/Almaty
Мұхаммед Бағер Қалибаф Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымының бірінші сессиясының төрағасы болып таңдалды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымының депутаттары бүгінгі ашық жиналыста Мұхаммед Бағер Қалибафты 264 дауыстың 230-ымен Мәжілістің бірінші сессиясының төрағасы етіп сайлады.
2020 жылы 21 ақпанда Иранның 208 сайлау учаскесінде Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымына 290 өкіл сайлау шарасы 24 млн 500 мың адамның қатысуымен өтті.