Зангане: ОПЕК мұнай өндірісін азайтуды бір айға ұзартуға келісті
Маусым 07, 2020 18:20 Asia/Almaty
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше елдердің Мұнай және энергетика министрлерінің 179-шы отырысы сенбі күні осы ұйымның кезеңдік басшысы Мұхаммед Аркабтың сөз сөйлеуімен бейнеконференция форматында басталды.
Иран Мұнай министрі Бижан Зангане келісімдердің алдын-ала болжанғандай орындалғанын айтып: «Осы отырыста Ирак пен бірнеше елдің мұнай өндірісін азайту үлестеріне беріктік деңгейлері талқыланды. Алдағы айларда олар осы меже бұзушылықтың орнын толтыратын болып келісілді.
Brent мұнайы бағасының 40 долларға жетуі ОПЕК+ ұйымының мұнай өндірісін 9 млн 700 мың баррельге азайту туралы дұрыс шешім қабылдағанын көрсетеді»,-деп қуаттады.