Иранда терроризмнің құрбаны болған 17 мың шәһидтің құжаты БҰҰ-на жіберілді
«Хабилиан» қоғамының бас хатшысы Иранда терроризмнің құрбаны болған 17 мың шәһид құжатының БҰҰ-на жіберілгенін хабарлады.
Сейіт Мұхаммад Джавад Хашеминежад сейсенбі күні Батыстың кейбір елдері мен АҚШ-тың терроризмге тікелей қолдау көрсетіп отырғанына тоқталып: «ИИР – лаңкестіктің құрбаны. Алайда дұшпандар шындыққа керісінше Иранды лаңкестікті қолдайды деп көрсетуге талпынып жатыр»,-деді.
Хашеминежад «Хабилиан» қоғамының Иранда лаңкестік қылмыстарды тексеріп, құжаттар жинаумен айналысатынын айтып: «Осы уақытқа дейін Иранда терроризм құрбаны болған 17 мың шәһидтің құжаты жинақталып, БҰҰ-на тапсырылды»,-деді.
«Хабилиан» қоғамының бас хатшысы АҚШ-тың лаңкестік қылмыстары туралы құжаттарды ИИР-ның әлемге ұсынып отырған маңызды деректерінің бірі деп атап, онда Вашингтонның адам құқығын бұзу фактілері көрсетілгенін айтты.