Там 01, 2020 19:31 Asia/Almaty
  • Иран Барлау министрлігі: «Тондар» лаңкестік тобының басшысы ұсталды

Иран Барлау министрлігі: «АҚШ-тан Ирандағы қарулы және диверсиялық амалдарды басқарып отырған «Тондар» лаңкестік тобының басшысы Джамшид Шармахд күрделі амал барысында Иран қауіпсіздік күштері тарапынан құрықталды»,-деп хабарлады.

Шармахд 2008 жылы Фарс облысының орталығы Шираз қаласында Сейед уш-Шохада діни орнында болған жарылысты жобалап, жүзеге асырған. Сол лаңкестік әрекетте Хұсейнді аза тұтушы 14 адам қаза тауып, 215 адам жараланды.

Бұл лаңкестік топ соңғы жылдары Иранда бірнеше ірі амал атқаруды көздеді. Солардың қатарында Шираздың Сиванд бөгетін жару, Теһранның кітап көрмесінде цианид бомбаларын жару және имам Хомейни (р.) кесенесінде бомба жару болды.  

Тегтер