Мусави: Парсы шығанағының ынтымақтастық кеңесі сындарсыз жұмыс жасап отыр
(last modified Mon, 10 Aug 2020 14:16:47 GMT )
Там 10, 2020 20:16 Asia/Almaty
  • Мусави: Парсы шығанағының ынтымақтастық кеңесі сындарсыз жұмыс жасап отыр

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы мәлімдемесіне реакциясында кеңес қызметінің тиімсіз екенін айтып, мәлімдеменің сыртқы күштің әсерімен біржақты негізде жасалғанына меңзеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Аббас Мусави жексенбі күні  Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің баспасөз қызметі таратқан хабар, яғни Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту өтінішінен кейін осы кеңестің кейбір мүшелерінің Иранға қатысты сындарсыз әрекеттеріне өкініш білдіріп: «Аталмыш кеңест бас хатшысының жауапсыз мәлімдемесі кейбір мүше елдердің экономикалық қиындықтар кезінде де қару-жарақ сатып алып, сақтаудан бас тартпай, аймақ пен әлемде ең ірі қару сатып алушы болып отырған жағдайында біржақты негізде жарияланып отыр. Осындай жалған уәждер айтып, теріс қатынас көрсетудің артында АҚШ-тың аталмыш елдерге көбірек қару-жарақ сату мүддесі жатқаны шүбәсіз»,-деді.

Тегтер