Парсы кілемі әлемнің 57 еліне экспортталады
(last modified Mon, 24 Aug 2020 11:07:44 GMT )
Там 24, 2020 17:07 Asia/Almaty
  • Парсы кілемі әлемнің 57 еліне экспортталады

Иран Кеден басқармасының ақпарат өкілі: «Иранның түкті кілемі, тықыр кілемі мен габбесі (тықыр кілемнің бір түрі) өткен 4 айда әлемнің 57 еліне экспортталды. Оның жартысына жуығы үш ел Ауғанстан, Ирак пен Пәкістанға жіберілді»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, сейіт Рухолла Латифи өткен 4 айда 20 мың тонна түкті кілем, тықыр кілем мен габбенің экспортталғанын айтып: «Иран – әлемдегі ең ірі кілем өндірушісі»,-деді.

Латифи кілем экспорты нарығының монополиялық қалыптан бәсекелестікке көшкенін айтып: «Парсы кілемі көздің жауын алатын өрнегіне, сақталу ұзақтығы мен тоқылу ұсақтығына, табиғи түстерді пайдалануына байланысты бүкіл әлем нарықтарында теңдессіз саналады»,-деді.    

Тегтер