Рухани: Иранның газ тасымалдау желісі әлемде теңдессіз
ИИР Президенті елдің газ тасымалдау желісін әлемде теңдессіз деп атап: «17 мың ауыл ортақ газ жеткізу желісіне қосылған. Елдің 89 стансасының отыны газбен жұмыс істейді»,-деді.
Хасан Рухани дүйсенбі күні бейнеконференция форматында Мұнай министрінің ұлттық жобаларын іске қосу рәсімінде елдегі газ өнеркәсібінің маңыздылығына тоқталып: «Газ – таза энергия өндіретін ірі өнеркәсіп. Ол елдің дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл инфрақұрылымдық өнеркәсіп одан да үлкен мұнай-химия саласына септігін тигізіп, Иранды көршілес елдерге қосты»,-деді.
Рухани: «Иран газы батыста Түркия мен Иракқа экспортталады. Шығыс елдеріне экспорттауға да мүмкіндік пайда болды. Осы мақсатта Пәкістанның шекарасына дейін газ құбыры тартылды»,-деді.