БҰҰ-дағы Иранның елшісі: Сионистік режимді NPT қосылуға мәжбүрлеу қажет
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i48074-БҰҰ_дағы_Иранның_елшісі_Сионистік_режимді_npt_қосылуға_мәжбүрлеу_қажет
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ пен Израильдің ядролық қарудан ада Таяу Шығыс құруға кедергі жасау рөліне тоқталып, халықаралық қоғамның Израиль режимін NPT қосылуға мәжбүрлеу қажеттілігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 28, 2020 13:45 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Иранның елшісі: Сионистік режимді NPT қосылуға мәжбүрлеу қажет

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ пен Израильдің ядролық қарудан ада Таяу Шығыс құруға кедергі жасау рөліне тоқталып, халықаралық қоғамның Израиль режимін NPT қосылуға мәжбүрлеу қажеттілігін қуаттады.

 

Исхақ әл-Хабиб бейсенбі күні ядролық сынаққа тыйым салу халықаралық күннің жылдығына байланысты видео форматта өткен отырыста сионистік режимнің аймақтағы қирату рөліне тоқталып: «Халықаралық қауымдастық ядролық қаруды таратуға тыйым салатын NPT хаттамасын қайта қарастыруды сионистік режимді бұл келісімге қосылуға және ядролық нысандарын Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) бақылауына алуға қабылдауға мәжбүрлеу үшін пайдалануы керек»,- деді. Әл-Хабиб АҚШ үкіметінің ядролық қару-жарақты таратуын сынап: «АҚШ 1054 ядролық сынағымен ядролық қаруға ие басқа елдермен салыстырғанда бұл салада ең көп сынақ жүргізген үкімет саналады. Өкінішке орай АҚШ пен сионистік режим жаппай қырып-жоятын қарулардан ада Таяу Шығыс құруға кедергі болып отыр»,- деп сөзін жалғады.