Сарахс шекарасында сауда қайта жанданды
Иранның солтүстік-шығысындағы Сарахс шекаралық бекетінің басшысы: «Иранның алғашқы экспорттық жүгі тас жол арқылы Түркіменстанға аттанды»,-деді.
Мұхаммед Меһди Резаи: «Коронавирустың таралуымен күресу үшін 6 айға жабылған Сарахс шекарасындағы сауда-саттық уақытша қайта жанданды»,-деді.
Резаи: «Иран мен Түркіменстан басшылары арасындағы соңғы келісімдерге сәйкес, Иранның жүк керуені Сарахс шекарасындағы бейтарап зонаға кірген соң экспорттық тауарларды Түркіменстанға тапсырады»,-деді.
Түркіменстан мен Иран арасында 4 шекаралық өткел бар. Коронавирус таралып, құрлықтағы шекаралар жабылғаннан кейін сауда айналымы Хорасан-е Разави облысындағы Сарахс пен Гүлстан облысындағы Инче Бурун темір жол бекеттері арқылы ғана атқарылып тұрған.
Сарахс шекаралық бекеті Иран мен Түркіменстан шекарасының бейтарап зонасында Иранның шығысындағы Хорасан-е Разави облысы орталығынан 185 шақырым жерде орналасқан.