Комейл – Ираның ең дамыған жерсерігі
Қыр 14, 2020 17:32 Asia/Almaty
Иранның Ақпараттық технология және байланыстар министрі «Парс-1» жерсерігін сынақтан өткізудің аяқталғанын хабарлады.
Азари Джахроми дүйсенбі күні Теһранда ақпараттық технология саласындағы жетістіктердің тұсаукесер рәсімінде: «Парс-1» жерсерігі – елде жасалған ең дамыған жерсерік. Иранның Әуе-ғарыш зерттеу институты директорының айтуынша, жерсерікті соңғы сынақтан өткізу және қолданысқа беру жұмыстары аяқталды»,-деді.
«Парс-1» жерсерігі – Иранның Әуе-ғарыш зерттеу институтының басты жобалардың бірі. Онда түнде видеоға түсіру опциясы бар.