Қаз 03, 2020 18:02 Asia/Almaty
  • Азиядағы онлайн ату жарыстарында  Иран өкілдері жеңіске жетті

Пневматикалық мылтықтан Азия чемпионатында әйелдер арасында ирандық Наджме Хедмати және ерлер арасында Пурия Наурузиан бірінші орынды иеленді.

 

Коронавирустың өршуіне байланысты  жұма күні бірінші рет онлайн түрде Иран, Сингапур және Тайландтың 38 спортшысының қатысуымен ерлер мен әйелдер топтарының Азия чемпионаты өтті. Чемпионаттың соңғы бөлімінде ирандық Наджме Хедмати  бірінші және Фатима Карамзаде үшінші, сондай-ақ  Сингапур өкілі екінші орында орналасты. Ерлер тобында Пурия Наурузиан, Махиар Седақат және Хұсейн Бақери тәртіппен 1-3-ші орындарға иеленді.

 

Тегтер