Арақчи Иранның Армения және Әзірбайжан шекараларын аралады
Қаз 27, 2020 16:05 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істері жөніндегі орынбасары Ислам республикасының Армения және Әзірбайжан шекараларын аралады.
Арақчи Иранның солтүстік-батысына сапар шегіп, Иранның Армения және Әзірбайжан шекараларын аралап: «Иранның Арас шекара өзенінде маңызды су және электр құрылғылары бар. Бұл аймақтың қауіпсіздігі өте маңызды және біздің қызыл сызығымыз. Сондықтан Армения-Әзірбайжан қақтығыстары оларға шығын келтірмеуі керек»,- деді.