Рухани: АҚШ-тың келесі үкіметі Иран халқының алдында тізе бүгеді
(last modified Thu, 05 Nov 2020 13:52:40 GMT )
Қар 05, 2020 19:52 Asia/Almaty
  • Рухани:  АҚШ-тың келесі үкіметі Иран халқының алдында тізе бүгеді

ИИР Президенті АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесінің Иран үшін маңызды еместігін айтып: «АҚШ-тағы келесі үкіметтің Иран халқы алдында тізе бүгетіні күмәнсіз»,-деді.

Рухани бейсенбі күні Парсы шығанағы суын Иранның шөлді аймақтарына тасымалдау жобасының алғашқы фазасын іске қосу рәсімінде АҚШ-та президенттік сайлау өткеніне тоқталып: «Америкалықтарда заң, ереже, қоғамдық пікірдің қысымы және Иран халқының сабырлығы мен төзімділігі алдында бас игеннен басқа амал жоқ»,-деді.

ИИР Президенті Иран халқы жетістіктерінің маңызды үлгілерінің бірін елде орындалып жатқан ұлттық жобалар деп атап: «Иран халқы тоқтамайды, қысымдарға көнбейді, бас имейді»,-деді.

 

Тегтер