Ирандық әйел «Жаһандық бейбітшілік бағытын» қалыптастыруда
Қар 08, 2020 19:54 Asia/Almaty
Ирандық әйел «Бейбітшілік-2020» жаяу жүру бағыты аясында Теһранның «Азади» алаңынан жол жүріп, Түркияға дейін жетті.
Пуйа Маһдавинежад Стамбұл қаласына сапардан кейін жуырда жер сілкінісі болған Измир қаласына барып, зілзала құрбандарына құрмет ретінде осы қаладан Кушадасына дейінгі 100 шақырымды жаяу жүріп өтті. Ирандық спортшы әйел қазір әрбір елде бір ұлттық белгі мен бейбітшілік символы арасын жаяу жүріп өтіп, жолдарды жалғап, «Жаһандық бейбітшілік бағытын» қалыптастыруды көздеп отыр.